НАТО елдері қорғаныс технологияларын дамытуға 50 миллиард доллар бөледі. Ортақ келісімге Анкарада өтіп жатқан әскери альянстың саммитінде қол қойылды.
Қомақты қаржы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен дрондар сатып алуға, сонымен қатар, қару-жарақ пен соғыс техникасы бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға жұмсалАды. Бұған дейін НАТО дрондар мен олардан қорғанатын құралдарды өндіруге құны 40 миллиард доллар болатын инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруды бастағанын хабарлаған еді. Түркия астанасындағы саммитке НАТО-ға мүше елдердің мемлекет және үкімет басшылары қатысып жатыр.
Тегтер #Хабар #жаңалықтар #НАТО #Түркия #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz