RU
Толық нұсқаға өту

Аладоп аламаны шағын бизнеске серпін берді

09.07.2026, 07:36 32

Аладоп аламаны өтіп жатқан шаһарларда сауда қызды. Соның бірі – Канаданың Ванкувер қаласы. 

Әлем чемпионатының жеті бірдей ойыны осы шаһарда өтеді. Дүбірлі дода қаладағы шағын бизнеске серпін берді, әрине. Алайда бәріне бірдей емес. Кей кәсіпкерлер: «Аладоп аламаны біткенше, қыруар шығынға бататын түріміз бар», - дейді. 

Аладоп аламаны үш бірдей елдің 16 қаласында өтіп жатыр. Соның бірі Канаданың Ванкувер қаласы. Жататын орын, тамақ, жүріп тұруы, кәдесыйы шаһарға әлем чемпионатын көруге келген әрбір турист біраз қаржы жұмсайды, әрине. Қазір әсіресе елдің магнитті жабыстырғышы бар суреттер мен түрлі бұйымдардың саудасы қызып тұр. Мына дүкеннің иесі Кингсли Бейли: «Бір күнде 5 мың данасын сатып жүрмін», - дейді.

Кингсли Бейли, дүкен иесі:

- Дүбірлі доданы көру үшін алыс-жақын елдерден келгендер көп.  Австралиялық және түркиялық жанкүйерлердің қарасы қалың болды.  Сол кездегі қарбаласты сөзбен айтып жеткізе алмаймын. 

Десе де стадион маңындағы дүкен иелері: «Керсінше қыруар пайдадан қағылып отырмыз», - деп алаңдаулы. Солардың бірі – балық өсіруге арналған тауарларды сататын Криг Лебланк. Оның айтуына қарағанда, әлем чемпионаты кезінде көшелер жабылып, көлік қозғалысы шектеледі. «Сөйтіп, тұрақты клиентеріміз дүкенге жете алмай әбігерге түседі», - дейді. 

Кингсли Бейли, дүкен иесі:

- Клиенттеріміз ойын өтіп жатқан кезде бұл ауданға келгісі келмейді. Ал туристер біздің тауарға аса қызыға қоймайды. Бірнеше күннен бері саудамыз жүрмей қалды. Әлем чемпионаты тездетіп бітсе екен дейміз. 

Ұйымдастырушылар: «Әлем чемпионатын көруге қалаға алыс-жақын елдерден 326 мың турист табан тірейді деп топшылайды. Ал шаһар экономикасына 270 млн доллар пайда әкеледі», - дейді. 

Авторы: Зайнұр Байжігіт

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz