Угандада автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ».
Жол апатынан тағы 28 адам жарақат алды. Қайғылы оқиға Уганданың солтүстігіндегі Кампала–Гулу тас жолында болған.
Алдын ала тергеу мәліметінше, Isuzu маркалы жолаушылар автобусын басқарған жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні айналып өтпек болған кезде көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан автобус қарсы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Actros жүк көлігімен соқтығысқан.
Полицияның мәліметінше, оқиға орнында 14 адам көз жұмды. Тағы 28 адам ауыр жарақат алып, жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілген.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Уганда #жол апаты #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz