Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен кейін 18 мыңға жуық адам баспанасыз қалды.
Қазір олар мектеп, саябақ және өзге де уақытша паналау орындарында тұрып жатыр. Билік сейсмикалық төзімді жаңа тұрғын үйлердің құрылысын жеделдететінін мәлімдеді. Бұл іске жергілікті және халықаралық компаниялар тартылмақ. Ал Біріккен ұлттар ұйымының бағалауынша, зілзаладан тұрғын үй мен инфрақұрылымға 37 миллиард доллар шығын келген. Бұдан бөлек, табиғат апатынан зардап шеккен 1,3 миллион адамға гуманитарлық көмек көрсету үшін 300 миллион доллар қаражат қажет деп отыр. Ал соңғы мәлімет бойынша, Венесуэлада жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 3811-ге жеткен. Тағы 17 мыңдай тұрғын жарақат алды.
Тегтер #Венесуэла #жер сілікінісі #баспанаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz