RU
Толық нұсқаға өту

Қытай электркар шығарушыларды қаржылай қолдауды біртіндеп тоқтатады

09.07.2026, 19:27 58

Қытайда электр көліктері мен гибридтерге арналған жылдық салық жеңілдігі алынып тасталады.

Шешім келесі жылдың басынан күшіне енеді. Елдің Қаржы министрлігі осылайша электромобильдер өндіру саласының өз бетімен дамуына жол ашамыз дейді. Қазір электрлі қозғалтқышы бар көліктер Қытай нарығының жартысынан астамын қамтиды. Былтыр олардың сатылымы 16 миллионнан асты. Ауқымды қаржылай көмек 2012 жылы енгізілді. Қазір қытай электр көліктер нарығы әлемде ең ірі деп саналады. Сондықтан мемлекет бұл саланы тікелей қаржыландыруды біртіндеп тоқтатпақ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz