Конго Демократиялық Республикасында Эбола құрбандарының саны 600-ге жетті.
Тағы 1759 адам індет жұқтырған. Бұл туралы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мәлімдеді. Кейінгі тәулікте қауіпті дерттен 20 тұрғын көз жұмды. Қазір ауруханалар лық толы. Ахуалға байланысты елде эпидемиологиялық бақылау күшейтілді. Кеселге қарсы жаңа екпе сыналып, емдеу шаралары жетілдіріліп жатыр.
Тегтер #Эбола #қаза тапқандар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz