Қытайдың оңтүстігінде тасқынға байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі тағы ұзартылды. Табиғи апат аумағынан тұрғындарды қауіпсіз жаққа көшіру операциясы жалғасып жатыр.
Қазір мәжбүрлі түрде қоныс аударғандар саны 130 мың адамға жуықтады. Ұлттық Метеорология орталығының хабарлауынша, кейбір аймақтарда 90 сантиметрге дейін жауын-шашын түскен. Билік іздеу-құтқару жұмыстарына тағы 8 мыңнан астам адам мен 5700 қайық бөлді. Айта кетейік, елдің күнгейінде өткен аптаның сенбісінен бастап жаңбыр толастамай тұр. Нөсер соңы алапат тасқын мен лай көшкініне ұласты. Кейінгі ақпарат бойынша, табиғи апат салдарынан 39 адам көз жұмған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қытай #тасқынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz