Дағыстанның оңтүстігін су басып жатыр. Нөсер жаңбыр лай көшкінін тудырған.
Соның салдарынан жолдар жабылып, 60 елді мекенмен көлік қатынасы үзілді. Тағы 62 ауылда 36 мың адам электр жарығынсыз отыр. Бұл туралы Ресейдің Төтенше жағдай министрлігі хабарлады. Уллучай өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп, жақын маңдағы бөгет толығымен бұзылған. Билік табиғи апат аумағындағы тұрғындарды қауіпсіз жаққа шұғыл көшіріп жатыр. Үкімет тасқын салдарымен күреске 4,4 млрд рубль бөлді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Дағыстан #тасқынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz