Францияның батысын қуаңшылық жайлады. 9 департамент аумағында аптап ыстыққа байланысты қауіп-қатердің ең жоғары "қызыл" деңгейі жарияланды.
Қуаңшылық салдарынан ұзындығы 1012 шақырымға жететін елдегі ең ұзын Луара өзенінің арнасы тартылып барады. Кейінгі бірнеше күннің ішінде дария табанын құм басып үлгерген. Метеорологтар бүгін өзен алқабындағы ауа температурасы +41 градус болады деп ескертті. Осы апта басында аймақтағы құрғап қалған өсімдік өртеніп, 10 мың адам шұғыл қауіпсіз жаққа көшуге мәжбүр болған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Франция #қуаңшылықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz