БҰҰ Венесуэлада жер сілкінісінен зардап шеккен 1 млн 300 мың адамға жарты жыл бойында гуманитарлық көмек көрсетеді.
Бұны БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру бойынша өкілі Том Флетчер айтты. Қазірге дейін ұйым 300 миллион доллардан астам қаржы бөліп, 40 мыңға жуық адамға азық-түлік жеткізген. Соңғы мәлімет бойынша Венесуэлада жойқын жер сілкінісінен 4 мыңға жуық адам қаза тауып, 17 мыңға жуығы жарақат алған.
Том Флетчер, БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелер жөніндегі бас хатшысының орынбасары:
- Венесулада екі жойқын жер сілкінісі болды. Мұндай табиғат апаты кез келген мемлекет үшін ауыр сынақ болары анық. Сондықтан біз өте қысқа уақыт ішінде 30-дан астам елден 50 іздестіру-құтқару тобын жұмылдырдық. Бұл халықаралық қауымдастықтың қолдауы мен ынтымақтастығының айқын көрінісі. Жергілікті үкіметпен бірлесіп құрған үйлестіру орталығы гуманитарлық көмекті тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беріп отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #БҰҰ #ВенесуэлаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz