Израильдің Газа секторына жасаған кезекті әуе шабуылдарынан бес адам қаза тапты.
Жергілікті биліктің мәліметінше, соққылар бірнеше ауданға жасалған. Нусейрат босқындар лагерінде дрон шабуылынан екі адам көз жұмып, бірнеше тұрғын жарақат алды. Шабуылдың бірі ХАМАС қозғалысының өкілі Хазем Қасемнің көлігіне бағытталған. Алайда оның өзі аман қалды. Израиль әскері бұл ақпаратқа қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Бітім жарияланғанына қарамастан, Израиль күштері Газа секторын атқылауын жалғастырып келеді.
Тегтер #Израиль #Газа #босқындарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz