Мексика АҚШ-тың Көші-қон және кедендік бақылау қызметін сотқа беруге ниетті. Бұл туралы ел президенті Клаудия Шейнбаум мәлімдеді.
Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, АҚШ кеден қызметі орталықтарында 14 мексикалық азамат көз жұмған, тағы үшеуі иммиграциялық операция кезінде қаза тапқан. Қоғамда қызу пікірталас тудырған кейінгі оқиға Хьюстон қаласында болды. Рейд барысында Мексикадан келген 52 жастағы заңсыз мигрантқа қарсы қару қолданып, ол оқиға орнында жан тапсырған еді. Мексика билігі мұндай жағдай мұқият қылмыстық тергеуді қажет етеді деп санайды. АҚШ басылымдарының дерегіне сәйкес, қазір 60 мыңнан астам азамат қамауда отыр. Кейінгі 20 жылда оқшаулау орындарында 32 мигрант қаза тапқан.
Тегтер #Мексика #АҚШ #сотPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz