RU
Толық нұсқаға өту

Франция Сирияға 23 құнды жәдігерін қайтарды

10.07.2026, 23:00 30

Олар шетелде 15 жыл бойы сақталып келді. 

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, жәдігерді қайтару Франция президенті Эммануэль Макронның Шамға сапары кезінде жүзеге асты. Макрон оларды өз ұшағымен ала барған. Жәдігерлер Сирия Ұлттық мұражайына табысталды. Құнды коллекция құрамында римдік қол бұйымдар, византия мен ислам мәдениетіне тиесілі заттар, сонымен қатар бір кездері Умәйя әулетінің мешітін безендірген мозаикалар бар. Негізі бұл жәдігерлер 2011 жылы Париждегі Араб әлемі институтына көрмеге апарылған болатын. Бірақ сол кезде азаматтық соғыс тұтанып, екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасы үзіліп, жәдігерлер Францияда қалып қойды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz