RU
Толық нұсқаға өту

Трамп Иранмен келіссөзді жалғастыруды тапсырды

11.07.2026, 10:00 38

АҚШ президенті Дональд Трамп өз әкімшілігіне Иранмен келіссөздерді жалғастыруды тапсырды.

Бұл туралы CNN телеарнасы хабарлады. Тараптар арасындағы диалог бүгін Оманда қайта жандануы мүмкін. Оған Құрама Штаттардың жоғары лауазымды өкілдері вице-президент Джей Ди Вэнс, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, сондай-ақ арнайы өкілдер Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер қатысады деп жоспарланып отыр. Ақ үй басшысы келіссөздерді жалғастыруға Тегеранның өтініші бойынша келіскенін мәлімдеді. Бірақ Иран Сыртқы істер министрлігі мұны жоққа шығарды. Дей тұрғанмен, Трамп арадағы атысты тоқтату туралы режим бұдан былай күшін жойғанын айтады. Ал Иран парламентінің спикері Мұхаммед Багер Ғалибаф Вашингтон соғыс қимылдарын тоқтату туралы меморандумды бұзса, Иран барынша қорғануға дайын екенін жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz