Ормуз бұғазында кеме жүрісі кеміп, коммерциялық транзиттер тоқтады.
Бұған АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің қайта ушығуы мен атысты тоқтату туралы келісімнің бұзылуы себеп болып отыр. Бұл туралы теңіз жүктері, кемелер мен тауар ағынына талдау жасайтын компания хабарлады. Компанияның дерегіне сүйенсек, сәрсенбі күні бұғаз арқылы 30 кеме, ал бейсенбіде 22 кеме өткен. Әлемдік саудада стратегиялық маңызы зор су жолындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи бүгін Оман тарапымен келіссөз жүргізеді. Бұған дейін де осы мақсатта Тегеран мен Маскат қалаларында бірнеше кездесу өткен еді.
Тегтер #Иранмен соғыс #Ормуз бұғазы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz