Венесуэладаға зілзала салдарынан қаза тапқандар саны төрт мың отыз үш адамнан асты.
Ресми мәлімет бойынша, 17 мыңға жуық адам жарақат алып, тағы соншасы баспанасыз қалған. Табиғи апаттан мыңға жуық ғимарат қираған немесе қатты зақымданған. Билік зардап шеккен тұрғындарды уақытша баспанамен қамтамасыз етіп, алғашқы 200 үйді келесі аптада пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Ал БҰҰ-ның алдын ала бағалауынша, табиғи апаттан келген шығын 37 млрд доллардан асады. Еске салайық, 24 маусымда Венесуэлада магнитудасы 7 балдан асатын бірнеше жер сілкінісі тіркелген. Елде мұндай ауқымдағы апат кейінгі жүз жылдан астам уақыт ішінде болмаған.
Тегтер #БҰҰ #зілзала #шығын #ВенесуэлаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz