АҚШ пен Ливан Израиль әскерін елдің оңтүстігінен шығару мәселесін талқылады.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Бейруттегі келіссөзде бақылауды Ливан армиясына беру көзделген алғашқы пилоттық аймақты іске қосу мәселесі қаралған. Оның жұмысы жақын күндері басталуы мүмкін. Ал бұл аумақтардағы үйлестіруді Құрама Штаттардың Орталық қолбасшылығы жүргізеді. Бұған дейін Израиль мен Ливан Вашингтонның араағайындығымен әскерді кезең-кезеңімен шығару туралы негіздемелік келісімге келген болатын. Алайда «Хезболла» қозғалысы бұл келісім Израиль әскерінің толық шығарылуына кепілдік бермейтінін айтып, оған қарсы екенін мәлімдеді.
Тегтер #Ливан #Израиль #Иранмен соғыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz