Францияда аптап ыстыққа байланысты электр энергетикалық компаниясы өзендердің маңында орналасқан үш атомдық реактордың жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды «24KZ».
Реакторлардың жұмысы Гольфеш, Бюже және Ножан-сюр-Сен атом электр станцияларында уақытша тоқтатылды. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл шешім ең алдымен өзендердегі су экожүйелеріне келетін зиянды азайту мақсатында қабылданған.
Қазіргі уақытта Францияда соңғы бір жарым айдағы үшінші аптап ыстық толқыны байқалып отыр. Синоптиктердің болжамынша, ол келесі аптаның ортасына дейін жалғасады.
12 шілдеде Францияның метеорологиялық қызметі елдің 37 департаментінде аптап ыстыққа байланысты ең жоғары – қызыл деңгейлі қауіп жариялады. Ал 46 департаментте қызғылт сары деңгей енгізілді. 13 шілдеде қызыл деңгейдегі ескерту 37 департаментте күшінде қалып, қызғылт сары деңгей 47 департаментке таралды.
Сондай-ақ елдің көп өңірінде орман өрттері өршіп жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Франция #аптап ыстық #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz