RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам көз жұмды

13.07.2026, 11:12 34

Биыл жазда Еуропадағы аптап ыстық салдарынан 10 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды «24KZ».

Мұндай деректі Еуропалық өлім-жітімді мониторингтеу бағдарламасы EuroMOMO жариялады.

Зерттеушілер Еуропаның 27 еліндегі статистикалық мәліметтерді талдаған. Маусым айының соңында өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Франция мен Бельгияда тіркелді.

Германияда аптап ыстықтан 5 мыңнан астам адамның қаза тапқаны расталды. Ал Англия мен Уэльсте қалыптан тыс ыстық тағы 2 мың 700 адамның өмірін жалмады.

Құрбандар саны бойынша Милан, Париж және Барселона қалалары алдыңғы қатарда тұр. Қаза болғандардың басым бөлігі – 65 жастан асқан адамдар.

Сарапшылардың айтуынша, аптап ыстық созылмалы аурулары бар адамдар үшін аса қауіпті. Өйткені жоғары температура жүрек-қан тамырлары ауруларының асқынуына жиі себеп болады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz