RU
Толық нұсқаға өту

Бангкокта өрттен 27 адам көз жұмды

13.07.2026, 13:50 30

Бангкоктағы танымал пабтардың бірінде алапат өрт болып, 27 адам қаза тапты, тағы 22 адам ауыр жараланған.

Associated Press агенттігінің ақпарына сүйенсек, төтенше жағдайлар қызметіне өрт туралы хабарлама түн ортасында түскен. Өрт жарты сағатта сөндірілгенімен, әзірге  себебі белгісіз. Таиланд премьер-министрі Анутхин Чанвиракунның айтуынша, әуелі сахна жанындағы тоқ ажыратқыштан түтін шыққан. Артынша тарсылдаған дыбыстар естіліп, ғимарат ішін қою түтін басып, электр жарығы өшіп қалған.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz