RU
Толық нұсқаға өту

Бангладеште тасқыннан 51 адам көз жұмды

13.07.2026, 19:04 33

Бангладештің оңтүстік-шығысындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 51 адамға жетті. Тағы 39 тұрғын түрлі жарақат алған. 

Биліктің мәліметінше, табиғи апатқа нөсерлі муссон жаңбыры мен Бенгал шығанағындағы циклон себеп. Өзендер арнасынан асып, ондаған елді мекенді су басты. Мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Ең ауыр жағдай Бандарбан ауданында қалыптасқан. Мұнда көшкін салдарынан жолдар жабылып, миллионнан астам адам байланыссыз қалған. Қазір су деңгейі біртіндеп төмендеп, зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр. Алайда шалғай елді мекендерде қажетті заттар әлі де тапшы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz