АҚШ Иранға қарсы теңіз блокадасын қайта енгізеді.
Ақ үй басшысы Дональд Трамп Ормуз бұғазы арқылы өтетін Иран жүктеріне жаңа шара қолданылатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, талаптар тек Тегеранмен байланысты кемелерге қатысты. Ал басқа елдердің танкерлері үшін бұғаз ашық қалады. Дегенмен, оларға қатысты жаңа төлем тәртібі енгізіледі. Соған сәйкес жүк құнының 20 пайызы көлемінде ақы алынады. Трамп бұл қаражат Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалатынын айтты.
Тегтер #Иранмен соғыс #теңіз #блокада #Таяу Шығыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz