Израиль Шығыс Иерусалимде ауқымды құрылыс бастамақ.
Умм-Лисон ауданында 450 тұрғын үй салу жоспары мақұлданды. Иерусалимнің аудандық жоспарлау және құрылыс комитеті бұл жобаның егжей-тегжейін екі жылдан бері қарап келеді. Умм-Лисон Шығыс Иерусалимдегі Джабаль әл-Мукаббер мен Сур-Бахер аудандарының арасында орналасқан. Қазір бұл ауданда 800-дей тұрғын үй бар. Онда палестиналықтар қоныстанған. Ал жаңа жоба аясында 2 мыңдай израильдік осы маңға көшірілуі мүмкін. Алайда бұл халықаралық құқыққа қайшы әрекет екенін Біріккен Ұлттар ұйымы талай мәрте ескертті. Бірақ Израиль Палестина аумағына құрылыс жүргізуді тоқтатқан жоқ.
Тегтер #Израиль #Иерусалим #аудан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz