Азия елдерін әбігерге салған жойқын Бави тайфуны Қытайдың солтүстік-шығысына жетті.
Қазір ондағы 260 мың тұрғын қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Жағдай әсіресе Ляонин елді мекенінде қиын. Онда күн райының қолайсыздығына байланысты мектептерде сабақ тоқтатылып, көлік қатынасы бұзылған. Енді мамандар алдағы күндері тағы бірқатар өңірде нөсер соңы тасқынға ұласып, қатты сел жүруі мүмкін деп дабыл қағып отыр.
Тегтер #Қытай #топан су #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz