RU
Толық нұсқаға өту

Азия қор нарығы қалпына келіп жатыр

14.07.2026, 20:20 31

Азия қор нарығы АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысқа байланысты кешегі құлдыраудан кейін қайта қалпына келіп жатыр. Жапонияның "Никкей" индексі 0,7 пайызға артты.

Бұған елдегі ең ірі зейнетақы қоры ұлттық акцияларға инвестицияларды ұлғайтуы мүмкін деген ақпарат та серпін берген. Оңтүстік Кореяда "Самсунг" пен "Эс Кей Хайникс" технологиялық компанияларының акциялары қымбаттап, "Коспи" жақсы өсімге шықты. Қытайдың "Шанхай Композит" индексі 1 жарым пайызға, "Ханг Сенг" жарты пайызға артқан. Қытайда маусымдағы сыртқы сауда 27 пайызға жеткен. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz