RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Ирактан әскерін шығарады

15.07.2026, 19:36 49

АҚШ Ирактағы әскери миссиясын 30 қыркүйекке дейін толық аяқтайды.

Бұл туралы Ирак премьер-министрі Әли әз-Зейдидің Вашингтонға сапары кезінде белгілі болды. Ақ үй басшысы Дональд Трамптың айтуынша, енді Бағдадта американдық әскердің болуына қажеттілік жоқ. Пентагон бұл шешім екі жыл бұрын жасалған келісімге сәйкес қабылданғанын хабарлады. АҚШ әскері елден шыққаннан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті Ирак күштеріне өтеді. Американ әскери бөлімдері Иракқа 2003 жылы орналасқан еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz