Еуроодақ халқы 450 миллион 500 мың адамға жетті.
Еурокомиссияның Бірлескен зерттеу орталығының мәліметінше, халық саны Люксембург, Кипр және Мальтада өскен. Ал Латвия, Венгрия және Эстонияда өсім ең төмен деңгейде тіркелді. Мамандардың айтуынша, халық санының өсуіне негізінен көші-қон әсер еткен. Алайда алдағы жылдары қарттар саны көбейіп, жұмыс күші азаюы мүмкін дейді кейбір сарапшы.
Тегтер #Еуроодақ #халық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz