Әлемде мұнай бағасы қайта қымбаттап барады.
Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы қара алтынның бір баррелі 85,5 долларға жуықтады. Ал WTI мұнайы 80 долларға саудаланып жатыр. Рейтэр агенттігінің хабарлауынша, нарыққа АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің күшеюі ықпал еткен. Инвесторлар Иран мұнайына қатысты жаңа санкциялар енгізілуі мүмкін деп алаңдап отыр. Goldman Sachs инвестициялық банкі жыл аяғына дейін Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 110 долларға дейін қымбаттайды деп болжады.
Тегтер #әлемде #мұнай бағасы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz