Франция Парламенті эвтаназия туралы заңды қабылдады. Құжатты 291 депутат қолдап, 241-і қарсы дауыс берген. Әрі қарай заңның жекелеген баптарын елдің Конституциялық кеңесі қарайды.
Жаңа ережеге сәйкес, енді емі жоқ дертке шалдыққан науқас эвтаназия жасауға құқылы. Таңдау құқығы кәмелетке толған азаматтарға ғана қатысты. Алдымен дәрігерлер 15 күн ішінде байлам шығарады. Одан кейін науқасқа өз шешімін қайта таразылау үшін тағы 2 күн беріледі. препаратты науқас өзі қабылдауы тиіс. Егер денсаулығына байланысты бұл мүмкін болмаса, дәрігердің көмегіне жүгінеді. Бұған дейін парламенттің жоғарғы палатасы осы заң жобасын үш рет кері қайтарған еді. Бастамаға католик шіркеуі мен кей дәрігерлер қарсы шыққан. Десе де француздардың басым бөлігі инъекция арқылы жан тапсыру құқығын қолдайды. Қазір Испанияда, Бельгияда және Нидерландта эвтаназия заңмен рұқсат етілген.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Франция #парламентPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz