RU
Толық нұсқаға өту
Фото: АРА

Алжирде балалар үйіндегі өрттен 11 адам қаза тапты

16.07.2026, 16:19 63

Алжирдің Мохамадия муниципалитетіндегі балалар үйінде болған ірі өрт салдарынан 11 адам көз жұмып, тағы 19 адам жарақат алды, деп хабарлайды «24KZ».

Елдің Азаматтық қорғаныс қызметінің мәліметінше, түрлі деңгейде күйік алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізіліп, оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

Құтқарушылар өртті оқшаулау жұмыстарын жүргізіп, бір мезгілде зардап шеккендерге көмек көрсетіп, ғимараттағы адамдарды эвакуациялаған.

Оқиғаға байланысты тергеу басталды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz