Венесуэлада маусымның аяғында болған екі жойқын жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 4 мың 829 адамға жетті.
Қирандылар астынан 16 жарым мың тұрғын құтқарылды. 18 мың адам баспанасыз қалды. Олар үшін уақытша паналау лагерьлері құрылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, із-түссіз жоғалған ондаған мың адам әлі табылмай жатыр. Елде 900-ге жуық ғимарат қираған. Әсіресе Ла-Гуайра штаты қатты зардап шекті.
Тегтер #Венесуэла #зілзала #құрбандарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz