Иран Йемендегі хуситтерден Қызыл теңізді жабуды сұрады. Осыған дейін Дональд Трамп Иранның энергетикалық инфрақұрылымына соққы жасаймыз деп сес көрсеткен.
Осыған байланысты хуситтер зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын Баб-эль-Мандеб маңында орналастыра бастады. Сарапшылар егер Қызыл теңізде жағдай ушығатын болса мұнай жеткізілімдерін тығырыққа тірейді дейді. Бұл айдын ең маңызды теңіз жолының бірі. Ормуз бұғазы жабылғаннан кейін Парсы шығанағы арқылы тасымалданған мұнай жеткізілімдерінің көбі осы теңізге қарай бағытын өзгерткен еді. Қазір Сауд Арабиясы қара алтын экспортының 70 пайызын Қызыл теңіздегі Янбу порты арқылы жөнелтіп жатыр.
Тегтер #Иранмен соғыс #қызыл теңіз #хуситтер #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz