RU
Толық нұсқаға өту

Баспалар Google компаниясын сотқа берді

17.07.2026, 09:09 69

АҚШ-та үш ірі баспа Google компаниясын сотқа берді.

Авторлар алпауыт технологиялық компанияны Gemini жасанды интеллект моделін оқыту барысында авторлық құқықты бұзды деп айыптады. Тіпті “бұл тарихта бұрын-соңды болмаған ауқымды қылмыстардың бірі” деп атады. Сөздерінше, Google кітап мәтінін ескертусіз көшірген. Арыз берушілер компания осы әрекеті арқылы авторлар мен күллі баспа индустриясына қауіп төндіреді деп есептейді.

Өйткені жасанды интеллект көмегімен әзірленген контенттен кітап саудасы зиян шегуі мүмкін. Жалпы қазір жасанды зерденің авторлық құқықты бұзу жағдайлары жиілеген. Бұл баспа ісі ғана емес, музыка және БАҚ саласына да қатысты. Авторлар зияткерлік меншік құқықтарын сақтап қалуға тырысады. Осыған байланысты Австралия әлемде алғашқы болып жасанды интеллект бойынша бірыңғай ұлттық стандарттарды әзірлеуге ниетті.

АҚШ және нидерландтық 3 ірі баспа мен америкалық жазушы Скотт Туроу Google компаниясын сотқа берді. Сөздерінше, Кремний алқабындағы алпауыт компания авторлық құқығы қорғалған миллиондаған кітапты Gemini жасанды интеллекті модельдерін құру үшін заңсыз пайдаланған. НьюЙорктің федералды сотына түскен арызда компания бұған дейін Google Books сияқты сервистерге берілген туынды үзінділерін рұқсатсыз көшіргенін айтылған. Баспагерлер Google-ға бұл шығармаларды электронды кітап сату үшін ұсынған. Бірақ оны коммерциялық өнімдерді оқыту мақсатында пайдалану заңсыз. Бұл үшін 10 және 100 миллиард доллар аралығында айыппұл салынуы мүмкін. Жасанды санаға енгізілген шығарманың түпнұсқасын Gemini оп-оңай алмастырып, 20 минутта 100 беттік детективті роман жазып шыға алады. Әрі оған небәрі 39 цент сұрайды. "Бұдан кітап саудасы айтарлықтай зиян шегеді" дейді жазушылар.

Цитата

Майкл Гудир, Нью-йорк Заң мектебінің доценті

- Авторлық құқықты бұзу туралы мұндай талап-арыздардың мазмұны, әдетте, ұқсас келеді. Негізгі уәж жасанды интеллектіні оқыту барысында авторлық құқықпен қорғалған материалдардың заңсыз көшірмелері пайдаланғанына қатысты болып отыр. Алайда түбінде жауапкершілік жасанды интеллект жүйесіне емес, қарапайым желі қолданушыға жүктелуі мүмкін. Бұл мәселені Құрама Штаттардың соттары әлі толық зерттеген жоқ.))

ЖИ авторлық құқықты бұзды 

Қазір жасанды интеллект пен авторлық құқық төңірегінде дау күшейді. Баспа ғана емес, сондай--ақ БАҚ және музыка саласы тарапынан жасанды интеллект компанияларына қарсы авторлық құқықты бұзғаны үшін арыздар көбейді. Мәселен, тақауда CNN компаниясы Пёплéкситиге ((Perplexity)) қарсы сотқа шағым түсіріп, компания өз модельдерін оқыту үшін 17 мыңнан астам материалды заңсыз көшірді деп мәлімдеді. Ал жыл басында Universal Music Group жасанды интеллект саласындағы Anthropic компаниясына шағымданып, оның Claude моделін оқыту барысында рұқсатсыз 20 мың әнді пайдаланғанын алға тартты.

ЦИТАТА

Оли Хаггинс, Expertedge онлайн-платформасының бас директоры

- Жасанды интеллектіні оқыту үшін қолданылған ақпарат авторлық құқықты бұзу болып саналатынын дәлелдеу қиын. Өйткені модель ішінде нақты қандай үдеріс жүргенін және кітаптың қай данасы пайдаланылғанын анықтау оңай емес. Модель белгілі бір шығармамен таныс екенін білдіруі мүмкін, бірақ дәлел ретінде жеткілікті деңгейде мәтінді сөзбе-сөз қайталамауы ықтимал.

Биыл 10 мыңға жуық шетелдік жазушы кітап шығарды. Ерекшелігі сонда -- бұл кітаптың ішінде мәтін жоқ. Тек авторлары белгіленген. Олардың қатарында Филиппа ГрЕгори, Ричард Осман, Мик Херрон және Нобель сыйлығының лауреаты Кадзуо Исигуро бар. Мұқабада “Бұл кітапты ұрламаңыз” деген жазуды көре аласыз. Осылайша авторлар өз жұмыстарын жасанды интеллектінің рұқсатсыз пайдалануына наразылықтарын білдіруге тырысқан.

Австралия ЖИ ұлттық стандарттарын әзірлейді  

Австралия әлемде алғаш рет жасанды интеллект бойынша бірыңғай ұлттық стандарттар әзірлейді. Бұл туралы премьер--министр Энтони Альбанезе мәлімдеді. Жаңа ұлттық стандарттар ірі деректер орталықтарының жұмыс ережелерін айқындауға, авторлық құқықтарды қорғайтын және жасанды интеллектіні дамыту үшін ресурстарды пайдалануды реттейді. Үкімет басшысы сонымен қатар Премьер-министр аппараты мен Министрлер кабинеті құрылымында осы саладағы мемлекеттік саясатты үйлестіретін Жасанды интеллект жөніндегі басқарма құрылатынын хабарлады. Альбанезенің айтуынша, осы арқылы авторлық құқықты қорғауға ерекше мән беріледі. Бұдан өзге Австралия деректер орталықтарының орналасуы, олардың электр қуаты мен суды пайдалануына қатысты талаптарды бірыңғай ұлттық жүйеге біріктіреді. Қазір бұл елде 200-ге жуық деректер орталығы жұмыс істейді. 

Энтони Альбанезе, Австралия премьер-министрі:

- Бізде географиялық артықшылық бар. Жасанды интеллектінің жұмыс істеуі үшін біздің жеріміз, энергия және есептеу қуатымыз қажет. Демек, біз компанияларға өз талаптарымызды қойып, жасанды интеллектіні пайдаланудың қоғамдық қағидаларын айқындай аламыз. Осыған байланысты жасанды интеллект ұсынатын мүмкіндіктерді тиімді пайдалану мақсатында Үкімет Австралияның ұлттық стандарттарын әзірлейді. Жаңа стандарттар ірі деректерді өңдеу орталықтарына қойылатын талаптарды бірыңғай міндетті нормативтік жүйеге біріктіреді. Ешбір компания автордың келісімінсіз австралиялық кітаптарды, музыканы, өнер туындыларын немесе жаңалықтарды пайдаланбауға тиіс. Бұл ұрлықпен пара-пар. 

Австралия үкіметі заң жобасын Парламенттің қарауына келер жылдың басында ұсынады. Оған дейін бизнес және сауда серіктестермен кеңеседі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz