RU
Толық нұсқаға өту

Испания орман өртімен күресіп жатыр

17.07.2026, 11:46 48

Тілсіз жау Испанияны да айналып өтпеді.

Елдің солтүстігінде орман өртеніп жатыр. Әуелі Арагон ауданын шарпыған қызыл жалын бүгінде 7,5 мыңға жуық гектар жерді жайпап үлгерді. Өртті сөндіру үшін төрт жүзден астам маман мен 19 ұшақ жұмылдырылды. Аптап ыстық пен үнемі бағыты өзгеріп жатқан жел құтқарушылардың жұмысын қиындатып отыр. Жергілікті билік 600-ден астам тұрғынға қауіпсіз жерге көшу қажеттігі туралы ескертті. Бұған дейін Альмерия провинциясында болған ірі орман өртінен 13 адам қаза болған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz