RU
Толық нұсқаға өту

Дубайда қазақ қолөнер үйі ашылды

17.07.2026, 15:49 44

Араб Әмірліктерінде қазақ қолөнер үйі ашылды.

Заманауи орталықтың таныстырылымына екі елдің іскер топ өкілдері жиналды. Оның басты артықшылығы – ұлттық нақышта безендірілген әрі қолөнер бұйымдарына толы. Киіз үй, шаңырақ, шапан, қамзол, ат әбзелдері бар. Қазақ сән индустриясының белгілі брендтері де сөреге қойылған. Дизайн үйінің ашылу рәсімі аясында «Central Asia Club» (Сентрал эйжа клаб) деген атаумен жаңа бизнес қауымдастық жұмысын бастады. Орталық Азия мен әмірлік кәсіпкерлері бастамашылық етіп, қоғамдық негізде құрылған бірлестіктің Дубайда баламасы жоқ. Алғашқы отырысы Қазақстанның инвестициялық және экономикалық мүмкіндіктерін таныстыруға арналды.

Лалит Тилан, "Central Asia Club" бизнес қауымдастығының төрағасы:

- Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында бизнеске кең жол ашатын берік көпір болғымыз келеді. Бұған мүмкіндік мол. Екі ел қазір қатынасын түрлі бағытта дамытып жатыр. Осы үдеріске қандай үлес қоса аламыз деп көп ойландық. Сөйтіп, қазақ қолөнер үйін және Орталық Азия мен Араб әмірліктерін байланыстыратын қауымдастық құрған дұрыс деген шешімге келдік. Бәрі ойдағыдай іске асып жатыр. Енді араб түбегімен бірлесіп іс бастағысы келетін жандарды ең алдымен осында шақырамын. Барынша қолдау көрсетіп, көмек ұсынатын боламыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz