Азияның қор нарығы күрт төмендеді. Бұған инвесторлардың технологиялық компаниялар мен микрочип өндірушілерінің акцияларын жаппай сата бастауы әсер етті.
Жасанды интеллект саласының өсу қарқыны баяулауы мүмкін деген болжам бар. Әсіресе Жапония нарығында құлдырау байқалады. Nikkei 225 индексі шамамен 6%-ға түсті. Сондай-ақ Гонконг, Шанхай және Тайвань қор биржалары да төмендеді. Нарыққа Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы да қысымды күшейтті. Парсы шығанағынан мұнай жеткізілімі шектеліп, қара алтын бағасы қайта қымбаттап келеді. Brent маркалы мұнай барреліне 83 доллардан асып, америкалық WTI 78 доллардан саудаланып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Азия #қор нарығыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz