Бразилия АҚШ енгізген жаңа баж салығына қарсы шара қабылдауы мүмкін. Елдің Сыртқы істер министрлігі Вашингтонның шешімін сынға алып, оны біржақты әрі заңсыз деп мәлімдеді.
Мәселені келіссөзбен шешуге шақырды. Бұған дейін АҚШ бразилиялық тауарлардың басым бөлігіне 25 пайыздық баж салығын енгізген еді. Вашингтон Бразилия тарапы әділетсіз бәсекелестікке жол беріп, америкалық бизнеске негізсіз кедергілер жасап отыр деп санайды. Жаңа ереже 22 шілдеден бастап күшіне енеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #БразилияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz