Мексиканың оңтүстігіндегі Чьяпас штатында магнитудасы 7,3 болатын жойқын жер сілкінісі тіркелді.
Бұл туралы жергілікті ұлттық сейсмология қызметіне сілтеме жасап, «Рейтер» агенттігі хабарлаған. Жерасты дүмпулері көршілес Гватемала мен Сальвадорда сезілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Кейбір ғимараттар қираған. Олардың қаншалықты бүлінгенін «Қызыл Крес» ұйымының қызметкерлері анықтауға кірісті. Зілзаладан кейін бірнеше сағат бойы цунами соғу қаупі туралы дабыл ойнап, тұрғындарға теңіз жағалауына жақын баруға тыйым салынды.
Тегтер #Мексика #жер сілікінісі #зардап шеккендерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz