Чилиде дүлей дауыл соғып, үш адам көз жұмды. Тағы 70-тен астамы жараланған. Желдің екпіні сағатына 100 шақырымнан асты.
Елдің 16 аймағы табиғи апат аумағына айналған. Уақытша паналау орталықтарына 500-ге жуық адам жеткізілді. Кейбір өңірлерді су тез басып, сыртқы әлемнен оқшауланып қалған. Электр желілеріне талдар құлап, жарты миллионға жуық тұрғын қазір жарықсыз отыр. Мектептерде сабақ тоқтатылды. Билік 21 шілдеге дейін төтенше жағдай режимін енгізуге мәжбүр.
Тегтер #Чили #мектептер #дауылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz