RU
Толық нұсқаға өту

Канададағы өрт түтіні Вашингтонға жетті

18.07.2026, 12:57 57

Канадада орман өртінен тараған түтін АҚШ-тың солтүстік-шығыс өңірлерін тұмшалап, Вашингтонға да жетті. 

Салдарынан шаһардағы ауа сапасы күрт нашарлап, қауіптің күлгін түсті деңгейі жарияланды. Түтіннен тұрғындар мен туристер әбігерге түсті. Адамдар көшеге шығып, емін еркін серуендей алмай қиналуда. Ал Канада үкіметінің мәліметінше, қазір бұл елде 859 орман өрті тіркелген. Оның 113-і әлі сөндірілмеген. Осыған байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде мәлімдеме жасап, түтіннен келген залал үшін Канадаға қосымша баж салығын енгізетінін айтты. 

Дональд Трамп, АҚШ президенті:

- Канада ормандарын тиісті деңгейде бақылап, күтіп отырған жоқ. Осының кесірінен қазір АҚШ аумағына Канададағы орман өртінен түтін таралып жатыр. Бұл денсаулыққа өте зиян. Мұндайға мүлдем жол берілмеу керек. Бүгін Канада Премьер-министріне хабарласып, қандай шаралар қабылдап жатқанын сұраймын. Өйткені олар орман өртінің алдын алуға болатынын біле тұра, қажетті жұмыстарды атқармай келеді. Осының салдарынан АҚШ жыл сайын миллиардтаған доллар шығынға ұшырайды. Сондықтан оны Канадаға енгізілген кедендік баж салығына қосып, өндіріп алу қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz