RU
Толық нұсқаға өту

Испанияда 7600 гектар орман өртеніп кетті

18.07.2026, 17:00 57

Испанияның Орес және Арагон аймақтарында алапат өрт 7600 гектар орман алқабын күлге айналдырды.

"Ассошейтид Пресс" агенттігінің хабарлауынша, тілсіз жаумен күреске күшті жел мен аптап ыстық кедергі келтіріп жатыр. Билік табиғи апат аумағындағы 5 ауылдың халқын шұғыл қауіпсіз жаққа көшірді. Жерден және әуеден 28 көлік құралы өрт сөндіруге тартылды. Испанияда маусым айында аптап ыстық салдарынан 937 адам көз жұмды. Ауа температурасы 40 градустан асқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz