Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қаласында лай көшкіні жүріп, 8 адам опат болды.
34 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жаққа көшірілді. Сағат таңғы тоғызда үлкен жартас құлап, 10-нан астам тұрғын үйді басып қалған. 10 адам құтқарылды. Екеуінің жарақаты ауыр. Президент Си Цзиньпин апат себебін тез арада анықтауды тапсырды. Мамандар жаңадан лай көшкіні жүруі мүмкін деп ескерткен. Өйткені аймақта күн қатты ысып, кейін нөсер жаңбыр жауды. Жартас құлаған аумақта 800-ден астам құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Олар қауіпсіздік үшін су, электр жарығы мен газды тоқтатып тастады. Үкімет қалаға 13 мыңнан астам қажетті заттар жіберді.
Тегтер #Қытай #лай көшкіні #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz