Норвегияның Драммен қаласында жүзден астам үй жанып кетті.
Құрбандар мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ. Рейтердің хабарлауынша, тұрғындар шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді. Күшті желге байланысты өрт тез тараған. Арасында бірнеше жарылыс болған. Өртті сөндіру мүмкін болмай тұр. Тілсіз жау басқа тұрғын үйлерге қауіп төндіре бастады. Орман алқабы да отқа оранды.
Тегтер #Норвегия #үй #өрт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz