RU
Толық нұсқаға өту

ЮНЕСКО сессиясында Маңғыстаудың жерасты мешіттеріне қатысты шешім қабылданады

20.07.2026, 23:20 79

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-ші сессиясында «Маңғыстаудың жартасты мешіттері және олармен байланысты киелі нысандар» номинациясын қарау жоспарланып отыр.

Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстаудағы бірегей жартасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуді тапсырған болатын. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бүгін Пусанда сессияның жұмысы басталды. Шараның ресми ашылу рәсіміне Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мён және ЮНЕСКО-ның Бас директоры Халед Әл Анани қатысты. Ұйым Дүниежүзілік мұра тізіміне 30 жаңа ұсыныстың енгізілуін, сондай-ақ мұра объектілерінің сақталу жай-күйіне қатысты 147 есепті қарастырмақ. 29 шілдеге дейін жалғасатын сессияға 196 мемлекеттен 3 000-ға тарта қатысушы барған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz