RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-Иран: жаңа бейбіт келісім ұсынылды

21.07.2026, 20:16 78

АҚШ пен Иран арасында арағайын болып жүрген келіссөзшілер оқ атуды тоқтату туралы жаңа ұсыныс берді.

Бұл туралы парсы елінің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаиға сілтеме жасап, "Рейтер" агенттігі хабарлаған. Тегеран ұсыныстың келіп түскенін мәлімдеді. Жаңа жоспарда атыс-шабысты 10 күнге тоқтату айтылған. Тағы бір маңызды ұсыныс – Ормуз бұғазындағы кеме қатынасын қалпына келтіру. АҚШ-тың президент әкімшілігі де аталған бастаманы қарастырып жатқанын жеткізді. Осының алдында америкалық ақпарат құралдары Вашингтон Тегеранға қарсы әскери операцияны кеңейтуді, Таяу Шығысқа ондаған атқыш ұшақ пен жанармай құйғыш әуе кемелерін жіберуді жоспарлап отырғанын жазған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz