Сауд Арабиясының Хадж және ұмра істері жөніндегі министрлігі ұмра сапарын өтеушілерге арналған жаңа көпмәртелік мультивиза визаның іске қосылғанын хабарлады, деп хабарлайды «24KZ» саудилік баспасөз агенттігіне (SPA) сілтеме жасап.
Жаңа виза берілген күнінен бастап 365 күн бойы жарамды және қажыларға қасиетті қалаларға ұмра сапарымен бірнеше рет кіріп-шығуға мүмкіндік береді. Дегенмен, елде болудың жалпы жиынтық мерзімі 90 күннен аспауы тиіс.
Бұл шара елге кіру рәсімдерін жеңілдетуге, қажыларға қолайлы жағдай жасауға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған Saudi Vision 2030 бағдарламасы мен Қажыларға қызмет көрсету сапасын арттыру бағдарламасының мақсаттарына толық сәйкес келеді, - делінген SPA хабарламасында.
Министрлік қажыларға әрбір сапар алдында Nusuk Umrah платформасы арқылы аккредиттелген жеткізушілерден қызметтер пакетін сатып алу қажеттігін ескертті. Бұл ретте пакеттің жарамдылық мерзімі визада қалған рұқсат етілген күндер санынан аспауы тиіс.
Бұдан бөлек, әрбір сапардың алдында Nusuk Umrah мобильді қосымшасы арқылы ұмра қажылығын өтеуге арнайы рұқсаттама рәсімдеу міндеттелген.
Хабарламада айтылғандай, Сауд Арабиясы аумағынан әрбір шыққан сайын виза автоматты түрде уақытша тоқтатылады және келесі кіруге қойылған барлық талаптар толық орындалғаннан кейін қайта белсендіріледі.
Тегтер #Ұмра #БАӘ #24жаңалықтар #24KZ #визаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz