RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде егістік жерлер құрғап барады

23.07.2026, 08:00 51

Жер де тозып барады. Кейінгі 20 жылда әлемде егістік алқаптың 16%-ы өнімділігін жоғалтты.

Бұл Испаниядағы зерттеу орталығының дерегі.

Ғалымдар деректерді талдау үшін КАДИ атты арнаулы бағдарлама әзірлеген. Ал Германия өзендер мен жерасты суларының деңгейін бақылайтын жүйені іске қосады. Өйткені егістік алқаптар құрғап, өнім алу қиындап барады.

Әлем елдерінде егістік жерлер құрғап барады

Кейінгі 20 жылда әлемдегі әр алтыншы ауыл шаруашылығы алқабы өнімділігінің 10 пайыздан астамын жоғалтқан. Испаниялық ғалымдар жүргізген зерттеуде бастапқы кезең ретінде 1980 жылдар алынған. Зерттеушілер әзірлеген CADI жасанды интеллект алгоритмі өткен жылдардың қорытындысын ғана емес, климаттың әлемдік ауыл шаруашылығына алдағы уақытта қалай әсер ететінін де болжайды. Жүйе шамамен 10 шаршы шақырым болатын әрбір жер телімі бойынша жеке есеп жүргізеді. Талдау барысында мамандар БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының тарихи деректерін және Еуропаның «Коперник» климаттық бақылау бағдарламасының мәліметтерін пайдаланған. Болжамға сенсек, алдағы жылдары оңтүстік өңірлерде жердің құнарлылығы төмендейді. Ал солтүстіктегі елдердің ауыл шаруашылығы жерлеріне, керісінше, қолайлы жағдай болады. Яғни Еуропадағы Испания, Италия сынды елдердің ауылшаруашылық саласы шығынға ұшыраса, Скандинавия елдері мен Альпі өңірінің аграрлық әлеуеті артады. 

ЦИТАТА

- Ғасыр ортасына қарай ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің өнімділігі күрт төмендеуі мүмкін. Қазірде Жер бетіндегі халықтың 15 пайызы топырақ құнарлылығы шамамен 5 пайызға төмендеген өңірлерде тұрады. Ал 2060 жылдарға қарай мұндай аймақтарда өмір сүретін халықтың үлесі едәуір артады. Сондай-ақ әлем елдерінің төрттен біріне жаһандық шығынның 90 пайызы тиесілі болады. 

Лаура Майораль, CSIC экономикалық сараптама институтының ғылыми қызметкері

Италияда күріш бітік шықпай тұр

Италияда күріш бітік шықпай тұр. Аптап пен ұзаққа созылған қуаңшылықтан По өзені аңғарындағы күріш алқаптары жарамсыз болып қалған. Италия – Еуропадағы жетекші күріш өндіруші ел. Ал күріштің басым бөлігі По өзені аңғарында өсіріледі. Алайда мамыр айынан бері жалғасқан ыстық пен жауын-шашынның болмауы Павия ауданындағы күріш алқаптарын құрғатып жіберген. Бұл аймақ – елдің тарихи әрі негізгі күріш өсіретін орталықтарының бірі. Әдетте осы кезеңде су тізеден келетін, дейді шаруалар. Алайда қазір жер кеуіп, жарылып жатыр. Ел бойынша суару жүйелерінің тиімділігін арттыру жөнінде бастамалалар көтірілген. Алайда шаруалар бұл жеткіліксіз әрі тым кеш қолға алынған деп есептейді. Олар үшін басты мәселе – су қорының тапшылығы. 

Габриэлле Кодацци, шаруа:

- Ең тиімді шешім су қоймаларын көбірек салу деп ойлаймын. Қыста жиналған суды жаздық маусымда пайдалану қажет. Егер климат біз үшін қолайсыз бағытта өзгере берсе, егін егу шығыны арта береді, ал табыс өзгермейді. Мұндай жағдайда ұзақ уақыт жұмыс істеу өте қиын болады.

Германияда су бақылайтын жүйе іске қосылады

Су тапшылығы Германияда өткір сезіледі. 2050 жылға қарай бұл елдің экономикасына 625 миллиард еуро көлемінде шығын келуі мүмкін. Билік енді ел бойынша суды тұтыну деңгейін бақылайтын бірыңғай жүйе енгізбек. Бұл арқылы барлық өзен-көл және жер астындағысу деңгейін бақылауға болады. Мәселен, кейінгі 25 жыл ішінде Германия 60 миллиард текше метр су жоғалтқан. Ең ірі Рейн өзенінде де су азайып барады. Қазір 42 сантиметр, алдағы күндері 37 сантиметрге дейін төмендеуі мүмкін. Енді маңайдағы тұрғындар тіршілік нәрін оңды-солды пайдалана алмайды. Мәселен, Мюнхенде жеке бассейндерді, субұрқұқтарды, күндіз бау-бақшаларды суғаруға қатаң тыйым бар. Тіпті ауыз суды да белгіленген мөлшерден артық тұтынуға болмайды. Бұл қатаң талаптар 1 тамызға дейін сақталады. Егер оны бұзған адам 50 мың еуро көлемінде айыппұл төлейді.

ЦИТАТА

- Жаңа жүйе ел бойынша күнделікті ақпараттарды біріктіріп отырады. Осыған дейін тек мұндай бақылау тетіктері өңірлер арасында ғана жүргізіліп отырды. Енді бірыңғай ақапараттық жүйе қай жерде қандай түйткіл бар, соны дер кезінде қарап, шешімін табуға мүмкіндік береді.

Карстен Шнайдер, Германияның қоршаған орта министрі

Климат өзгерісінің қарқыны барған сайын күшейіп барады. Болжам алдын ала жасалады. Бірақ бұл жеткіліксіз. Сол себепті болжаммен қатар, мәселені шешу жолдарын табу маңызды дейді, сарапшылар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz