Италияның оңтүстігіндегі орман өрттерінің себебін тергеп жатқан полицейлер қаскөйлердің өртті тарату үшін мысықтардың құйрығына «тез тұтанатын затқа малынған шүберектерді» байлап жібергенін айтты, деп хабарлайды «24KZ» CNN-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы Калабрия азаматтық қорғау агенттігінің өкілі Доменико Костарелла Facebook-те жазды. Ол басқа да дәлелдердің қасақана өрт қоюға нұсқайтынын, оның ішінде тез тұтанатын шүберектер арасындағы жағылған шамдар мен отты баяу тұтату құрылғылары барын айтты.
Италиялық RAI телеарнасының мәліметінше, өрт сөндірушілер Калабриядағы Поллино ұлттық паркінің маңындағы өртпен күресті жалғастырып жатыр. Сәрсенбі күні RAI соңғы 24 сағат ішінде өрт сөндіру бөлімдері Калабрияда 160-тан астам операция жүргізгенін хабарлады.
Италияның жануарлар мен қоршаған ортаны қорғау қауымдастығы полицияға арыз түсіріп, мысықтарды өртегендер туралы ақпарат үшін 1000 еуро көлемінде сыйақы ұсынды.
CNN жазуынша, Италияның оңтүстігінде қасақана өрт қоюшылардың от тарату үшін мысықтарды пайдалануы бірінші рет емес. 2016 жылы Сицилия билігі мафияны ұлттық парктегі ормандарды өртеу үшін мысықтарды пайдаланды деп айыптады. Келесі жылы, шенеуніктердің айтуынша, дәл осындай тәсіл Неаполь маңындағы Везувийге жақын жерде қолданылған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Италия #орман өрті #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz