RU
Толық нұсқаға өту

Трамп: АҚШ үкіметі қаржысыз қалуы мүмкін

23.07.2026, 20:10 59

АҚШ-ты кезекті шатдаун күтіп тұр. Бұл туралы президент Дональд Трамп ескертті. Оның айтуынша, Конгресс 1 қазанға дейін үкіметті қаржыландыру туралы заң жобасын қабылдамаса, 30 қыркүйекте жұмысын толық тоқтауы мүмкін.

Дағдарысқа республикашылдар мен демократтардың бюджетке байланысты келіспеушілігі себеп. Бұған дейін Өкілдер палатасы федералдық мекемелерді 4 желтоқсанға дейін қаржыландыру туралы заң жобасын бекіткен еді. Мұндағы мақсат қарашада өтетін аралық сайлау қарсаңында үкімет жұмысын тоқтатпау еді. Қазір құжат Сенат қарауында жатыр. Былтыр АҚШ тарихындағы ең ұзақ шатдаун 43 күнге созылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz