RU
Толық нұсқаға өту

Тунисте ыстықтан электр қуаты үзілді

23.07.2026, 20:30 48

Тунисте аптап ыстықтан электр қуаты үзілді. Билік энергожүйенің істен шығуына жол бермеу үшін аймақтарды кезекпен электр энергиясынан ажырата бастады.

Бұдан шағын бизнес шығынға ұшырады. Дүкендерде азық-түлік бұзылып, техника істен шығып жатыр. Сарапшылардың айтуынша, елде жаз мезгіліндегі электр энергиясын тұтынудың шамамен жартысы кондиционерлерге тиесілі. Ал Тунистің энергетикалық инфрақұрылымы мұндай жоғары сұранысқа бейімделмеген. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметіне қарағанда, КайруАн қаласында ауа температурасы 49 градусқа, ал Загуанда 48 градусқа жеткен. Бұл - рекордтық көрсеткіш.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz